Астанада бедеулікті емдеу мен қосалқы репродуктивті технологияларға қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Астана қаласында «Думан» қонақүйінің мәжіліс залында «Бедеулікті емдеудің қазіргі шешімдері. Қосалқы репродуктивті технологиялардың проблемалары» тақырыбында III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Франция, Бельгия, Грекия және Израильдің репродуктивті технологияларсаласындағы жетекші мамандары, бедеулікті емдеумен айналысатын акушер-гинеколог дәрігерлер, андрологтар, генетиктер, экстрокорпоральды ұрықтандыру орталықтарының (ЭҰО) өкілдері, барлығы 300 адам қатысады. Қатысушылардың арасында шет мемлекеттердің атақты дәрігер-мамандары бар.