Астанада «Беласар» көпірінің астында жаңа демалыс аймағы пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Тағы бір көпір астындағы кеңістік Еуразия ұлттық университетінің жанынан ашылды» деп жазды шаһар басшысы.

«Беласар» көпірінің астында орналасқан аймақта стритбол, коньки, үстел теннисі және жаттығу алаңдары бар.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарының демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға айрықша көңіл бөліп отыр. Осылайша бос жатқан жерлер үлкен алаңға, шағын саябақтар мен жайлы бульварларға айналды.

Биыл 50 қоғамдық орын және 150 аула жабдықталады. Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында іске асады.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы «Арқар» көпірінің астындағы аумақта демалыс аймақтары кеңейтіліп, олар жаңа граффитимен толықтырылған. Өнер туындыларын Қазақстанның әр қалаларынан келген дарынды суретшілер салған. «Арқар» көпірінің астындағы кеңістік Триатлон және Президент саябақтарын біріктірді.


Соңғы жаңалықтар
telegram