Астанада белгісіз біреу велосипедшіні қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Жеңіс және Сейфуллин көшелерінің қиылысында жаяу жүргінші жолағында белгісіз жүргізуші велосипедшіні қағып кетті.

 Астанада белгісіз біреу велосипедшіні қағып кетті

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Астана - Что? Где? Когда?» тобында оқиға туралы видео жария етілді.

Онда жаяу жүргінші жолағында көлік астында қалған велосипед пен оқиға орнында жұмыс жасап жатқан полиция қызметкерлері көрсетілген.

Әзірге, оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпарат шыққан жоқ.