Астанада бензин тиелген КамАЗ аударылды, жүргізуші аурухана жеткізілді

АСТАНА. 17 шілде.  ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында, «Шанхай» базарының Алаш тас жолында 16 шілде күні сағат 14.46-да «КамАЗ» көлігінің (20 тонна сыйымдылықтағы цистерна, «ҚазМұнайгаз» ҰК-ға тиесілі) 62 жастағы жүргізушісі жол шетіне қарай аударылып кетті.

Астанада бензин тиелген КамАЗ аударылды, жүргізуші аурухана жеткізілді

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Соның салдарынан бензин төгілді. Төгілген мұнай өнімі шамамен 10 тоннаны құрады. Қалған бензин басқа автоцистернаға құйылды.

Сағат 19.32-де КамАЗ-ды жолдың шетінен көтерді. Жол-көлік апатының салдарынан жүргізуші Б. Ағатаев  әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша өртке қарсы қызметтің 9 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медцина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, Астана қаласы бойынша СЭС, қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері, Астана қаласы ІІД ЖПБ-ның қызметкерлері жұмылдырылды.