09:30, 19 Маусым 2023 | GMT +5
Астанада бес автобустың жүретін жолы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты кей автобустардың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, атап айтқанда № 5А, 6, 16, 37, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілген.
«Өзгерген қозғалыс сызбасымен компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларындағы суреттен таныса аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп хабарлады CTS компаниясынан.