Астанада бес денсаулық сақтау нысанын салу жобалануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігін ескере келе, сонымен қатар медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесін назарға ала отырып, қалалық әкімдік Астана қаласының Құрылыс басқармасымен бірлесіп, бес денсаулық сақтау нысанын жобалау бойынша шаралар қабылдады.

Астанада бес денсаулық сақтау нысанын салу жобалануда

Атап айтқанда, патологоанатомиялық бюро, Интернациональный кентінде бір ауысымда 250 келушіні қабылдай алатын амбулаториялық-емхана кешен, Көктал-2 кентіндегі бір ауысымда 250 келушіге арналған амбулаториялық-емхана кешен, сонымен қатар «Ана мен бала» медициналық-әлеуметтік орталығы мен медицина қызметкерлеріне арналған шағын отбасылық жатақхананың құрылысы жүргізілмек. Нысандарды 2015-2016 жылдары пайдалануға беру көзделген. Қазіргі кезде соларға қатысты жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.