Астанада бетон тасымалдаушы көлік жолаушылар автобусына соғылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 17:30 шамасында Астана қаласындағы Қабанбай батыр мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында №43 жолаушылар автобусы мен бетон тасымалдаушы көлігі қақтығысты.
Алдын ала болжамдарға қарағанда, кемінде 15 адам зардап шеккен. Қаза тапқандар жөнінде әзірге мәлімет жоқ. Қазір құзырлы мекеме қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп, кімнің нақты кінәлі екенін анықтауда, деп жазады 24.kz.