Астанада бейберекет құрылыс жұмыстары жүргізілмейтін болады - И.Тасмағамбетов

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан елорданың әрі қарай дамуы мәселеріне арналған кеңес барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
«Жеке тұрғын үй құрылысы тек қана бірыңғай қала құрылысы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл жұмыстарға біз толығымен кірістік әрі бұдан кейін қалада бейберекет құрылыс жұмыстары жүргізілмейтін болады», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, қала басшысының атап өтуінше, құрылыс сапасына қатысты жаңа құрылыс ережелеріне баса назар аударылатын болады. Атап айтқанда, бұл ережелерде ғимараттардың қасбеттерін әрлеуде тек қана гранит, мәрмәр, траветин және қазіргі заманауи материалдарды ғана пайдалану қарастырылған.
«Баспананың санатына байланысты сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерін, инженерлік элементтерді орналастыру регламенттеледі », - деді әкім.