Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Адольф Аданның «Корсар» балетінің премьерасы өтеді
АСТАНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат – аАдағы сейбенбіде, маусымның 23-інде сағат 19-да Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Күләш Байсейтова атындағы Ұлттық опера театры Адольф Аданның «Корсар» балетінің премьерасын ұсынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Спектакльді қоюға Ресейдің Үлкен театрының балетмейстері, КСРО халық әртісі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Социалистік Еңбек Ері, А.Я.Ваганова атындағы орыс балеты академиясының профессоры, «Достық» орденінің иегері Юрий Григорович шақырылды. Балетке театрдың жетекші әншілері, халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары Серік Кәуіков, Жандос Әубәкіров, Тайыр Ғатауов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайруз Құрманқожаева және басқалары қатысады. Дж.Байронның поэмасы сарынымен «Корсар» алғаш рет Үлкен Париж операсының сахнасында 1856 жылы, одан екі жылдан соң - Петерборда Үлкен театрдың сахнасында қойылды.