Астанада би байқауының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Жерұйық» саябағында «Биле Астана - 2017» байқауы өтті. Жастар мен жеткіншектер 7 аталым бойынша өзара сайысқа түсті деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы .
None
None

Аталмыш шараны қалалық жастар саясаты жөнінде басқарма ұйымдастырды. «Бал билері» аталымында Артур Ли мен Анастасия Ли жеңіске жетті, «Халық биі» аталымы бойынша Мәдина Мекебаеваның басшылығымен «Самұрық» би мектебі топ жарды, «Халық биі» (шағын топ) атылымы бойынша «Есіл» тобының би ұжымы, «Хип-хоп» аталымы бойынша Жастар сарайының «Поколение чудес» би тобы алға озды, «Брэйк-данс» атылымында Әділ Жантаев жеңіске жетті.

«Данс баттл» аталымы бойынша қазақстандық «Simplе System» би студиясына тең келер ешкім болмады, «Заманауи билер» (шағын топ) аталымы бойынша №63 орта мектептің «Gold Step» командасы жақсы өнер көрсетті.

-Менің ойымша, бұл өте қызықты байқау, оның басты мақсаты еліміздің жастарының басын қосу, - деді «Сальса» биінің жеңімпазы Диана Мадыраимова.

Сондай-ақ шара барысында Қазақстанның эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев және елордалық «Қазақ қыздары» тобы өнер көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар