Астанада би бенефисі өтеді

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін, ақпанның 27-сінде Конгресс-Холл сарайында «Рауан» ұлттық би ансамблінің бенефис кеші өтеді.
None
None
Аталған мәдени шара шығармашылық ұжымның 25 жылдық мерей тойына арналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеуді басты мақсат тұтқан «Рауанның» шеберлігі Грекия, Франция, Италия, Ресейде өткен халықаралық би жарыстарында жоғары бағаланған. Ансамбль «Әнші балапан», «Жас толқын», «Азия даусы» атты байқаулардың жеңімпазы атанды. Бүгінде «Рауан» елорданың 100-ден астам талантты ұл мен қыздарын бір шаңырақтың астына біріктіріп, оларға табиғат пен адам жанының тұңғиық сырларын қимыл арқылы қапысыз жеткізу құдіретін үйретуде. Ширек ғасыр ғұмыр кешіп отырған ансамбль өзінің мерейтой кешінде ең үздік деген билерін ортаға салып, қазақ елі мен өзге ұлттардың қимыл дәстүрін көрсетпек. «Рауанның» думаны Астана қаласының әкімдігі мен «ЖасStaR» креатив агенттігінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
Соңғы жаңалықтар