Астанада «BI Marathon 2019» марафонына тіркелу жүруде
«BI Marathon-ға тіркелуді уақытынан бұрын бастау шешімі көпшілік арасында жүгірудің танымалдығының өсуіне байланысты және қатысушыларға алдын-ала дайындалуға мүмкіндік беру үшін қолға алынып отыр. Жалпы саны 10 000-ға жуық адам қатысады деп жоспар қойдық. Әсіресе, ұсынылып отырған қашықтықтарда жеке рекордын жаңартуға тілек білдірген қазақстандықтарға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Көптеген қалаларда марафон маршруты қаланың ең әдемі жерлері бойымен өтеді, біздің де қатысушылар елордамыздың ең көрікті жерлерімен жүгіріп өтеді. Ал 2018 жылғы марафонның жаңалығы - маршрут жолы бойы жанды музыка болады, бұл жүгірушілерге күш пен эмоция береді», - дейді марафонның спорт директоры Сергей Бодров.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы BI Marathon-ға 22 елден 7200 жүгіруші қатысты, оның 4 323-і ер адамдар болса, 2 877 әйел адамдар. Сондай-ақ, BI Group-тан 2 131 адам қатысқан еді, бұл қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдайтындығын және қазақстандық компаниялардың арасында әуесқой-жүгірушілер санымен көш бастап тұрғанын білдіреді.
2019 жылы жүгіру қашықтығы өзгерді: 14 жасқа дейінгі балалар үшін 2 км жүгіру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер 5 км жүгіру, 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 км жүгіру, 21,1 км жартылай марафон және 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 км марафон өтеді. Скандинавия жүрісінің әуесқойлары үшін де 10 км қашықтық, ал корпоративтік қатысушылар үшін - эстафета. Қатысу құны 3000-нан 6000 теңгеге дейін.
BI Marathon 2019 жылдың 26 мамырында Астана Триатлон паркінде өтеді
Ұйымдастырушылар: The Sports Astana - Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен BI Group холдингінің спорттық серіктесі.
Байланыс:
+7 778 427 25 42 - Серкебаева Наурыз, корпоративтік PR бөлімінің бастығы
Фото: www.kp.kz