Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалисттер байқауы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 21 қыркүйекте Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалисттер байқауы шымылдығын ашады. Оған Қазақстаннан, таяу және қиыр шетел мемлекеттерінен келген 64 әнші қатысады, деп хабарлады astana.kz.
Сондай-ақ, Франция, Болгария, Литва, Молдова, Ресей, Арменияның опера өнерінің мэтрлерінен құралған қазылар алқасы қатысушыларға өз бағасын берді. Әдеттегідей, қазылар алқасының төрайымы - КСРО халық әртісі, Социалистік еңбек ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Бибігүл Төлегенова болады.
Музыкалық шара жас дарынды орындаушыларды анықтап, қазақтың классикалық өнерінің беделін арттыруды, жастардың рухани дамуына ықпал етуді мақсат тұтады.