Астанада биік ғимараттардан шыққан өртті сөндіруге тікұшақ пайдаланылатын болады

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласында жыл өткен сайын биік те зәулім ғимараттар көбейіп келеді. Ал алдағы 2015 жылдың маусымына қарай Қазақстан мен Орталық Азияда ең биік ғимарат болып саналатын «Абу-Даби Плаза» шаһардың сәнін көркейте түспек.

Астанада биік ғимараттардан шыққан өртті сөндіруге тікұшақ пайдаланылатын болады

Міне, осындай көкпен таласқан асқар ғимараттарда төтенше жағдай туындап, өрт шыға қалса, оны сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты astana.kz хабарладыТөтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің бастығы Бүркіт Мұқашевтың айтуынша, елордадағы барлық техникалар Ресей мен батыс елдерінен алынып, үнемі жаңаланып тұрады.«Қазір қол астымызда аса биікке көтеретін құрылғылар да бар. Сондай-ақ, біз биік ғиараттардағы өрттерді сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ базасын пайдаланамыз. Атап айтқанда, аталған биіктіктердегі тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтарын тартып жүрміз», - деді ол.