Астанада биік кранның бір бөлігі құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында 1 маусым күні биік кранның бір бөлігі құлады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада биік кранның бір бөлігі құлап кетті

Төтенше жағдай Қабанбай батыр даңғылы мен Алматы көшелерінің қиылысында, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында сағат 15.04-те болған.

Мұнаралы кранды монтаждау жұмыстары кезінде оның бір бөлігі жанында тұрған кранның үстіне құлап кеткен. 

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Оқиға орнында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр.