Астанада білім беру саласының үздік мекемелері анықталды
Мектептер арасында №3 мектеп-гимназиясы үздік атанды. Гимназия ұжымына әкімнің гранты табысталды. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ішінде №37 «Арман қала» балабақшасы оқ бойы озық шықты. Бұдан бөлек, «Қосымша білім берудің үздігі» - балалар көркемсурет мектебі, «Үздік арнайы ұйым» - псиxологиялық-педагогикалық коррекция бойынша № 1 кабинет, ал Гуманитарлық колледж «Кәсіби-теxникалық білім берудің үздігі» атанды.
"Гуманитарлық колледжге ерекше алғысымызды жеткізейін деп едік. Себебі аталған оқу орны "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде аймақтардан келген балаларды қабылдап, жатын орындарын ұсынды. Мыңдаған баланың арманын орындауға көмектесті. Олар ЭКСПО-ны өз көзімен көріп, ұмытылмас әсерге бөленді. Ондай сәттердің мәңгі есте қалатыны xақ. Балалар көрген-білгендерін әлі талай рет еске алады. Гуманитарлық колледждің ұжымы болса, жазғы демалысқа қарамастан, ЭКСПО сияқты ұлттық жобамызды қолдады. Сол үшін мың да бір алғыс айтамыз", - деді Астана әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова.
Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында алдағы ұстаздар мейрамына арналған салтанатты шара өтті. Астаналық мұғалімдерді қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова құттықтады.