Астанада білім беруді дамытуға арналған ІІІ қалалық форум өтеді

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттерді іске асыру аясында
None
None

24 қазан күні Астана қаласында әлеуметтік әріптес «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның «Индустриалды технологиялық орталығы» паркінде «Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестер сұхбаты» атты IIІ қалалық форумын өткізеді. Бұл жайында елорда әкімдігінің мәліметтерінде хабарланды.

Форум Білім беруді дамытуға арналған бағдарламада көрсетілген міндеттерді талдау және жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту мақсатында өтеді.

Сондай-ақ, форум шеңберінде оқу орындары, әкімдік, салалық қауымдастықтар мен ірі компаниялар арасындағы келісімдерге, меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум