Астанада бір ай бойы мектеп жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда мамандандырылған мектеп формасы мен соған жататын бұйымдардың сатылымы өтеді. Бұл туралы әкімдіктің сайты хабарлайды.
Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы «Мектепке жол» республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі.
Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.
Өтетін күндері: 11-12, 18-19 және 25-26 тамыз, 2018 жыл, сағат 10:00 ден 18:00 дейін.
Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11, мекен-жайындағы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 55-74-03 тел. арқылы алуға болады.