Астанада бір ай бойы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады.

Астанада бір ай бойы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Акцияның мақсаты - тұрмысы төмен, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан, жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау, сондай-ақ, балалардың сабаққа әлеуметтік себептермен (киім-кешектің, аяқ киімнің, мектепке қажетті жабдықтардың болмауы) қатыспауының алдын алу болып табылады. Іс-шараның басты міндеті - мектеп жасындағы әр баланың тегін орта білім алу конституциялық құқығын орындау үшін барлық жағдай жасау.