Астанада бір күнде екі отбасы түтін ысына уланып қалды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада бір күнде екі отбасы түтін ысына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Астанада бір күнде екі отбасы түтін ысына уланып қалды

ҚР ТЖМ-ның мәліметінше, оқиғалардың екеуі де пештің ақауы салдарынан орын алған. Көктал-2 шағын ауданында орналасқан тұрғын үйде 20 және 39 жастағы азаматтар, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында 25, 26 және 34 жастағы азаматтар зардап шекті.