Астанада бір құрылыс нысанынан үш жұмысшы құлап кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыс нысанынан үш адам құлап кетті.

Астанада бір құрылыс нысанынан үш жұмысшы құлап кетті - ҚР ТЖМ

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Мәлім болғандай, бүгін, таңертеңгі сағат 9 жарымда «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында 7-ші қабаттан «Астана Құрылыс» ЖШС-ның 25 жастағы жұмысшысы құлап кетті.

Аз уақыттан кейін, нақты айтқанда 11 сағат 35 минутта осы құрылыс нысанының сегізінші қабатынан «Гауди» ЖШС-ның 20 және 21 жастағы тағы екі жұмысшысы құлады. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.