Астанада бір мезетте 5 мың адам коньки тебе алатын мұз айдыны ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақбұлақ өзенінде ең үлкен мұз айдыны ашылды. Биыл оның аумағы ұлғайтылып, 32 000 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды astana.kz.

Астанада  бір мезетте 5 мың адам коньки тебе алатын мұз айдыны ашылды

Айдында бір уақытта 5 мыңнан астам адамның коньки тебуіне мүмкіндік туғызылып отыр.

Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағынның айтуынша, айдын аумағында конькиді жалға беретін 13 бекет орналасқан. Сондай-ақ, осы тектес мұз айдыны «Жерұйық» саябағында да бар, ал қалалық мектептердің жанында 9 айдын жұмыс істейді.

Жалға беру бекеттерінде 2 мыңнан астам коньки бар, жалға алу құны - сағатына 500 теңге. Ең кішкентай келушілер үшін жеке айдын жасалды. Ақбұлақ өзенінде жыл сайын ашылатын мұз айдыны көптеген астаналықтың демалысын таза ауада өткізетін сүйікті орнына айналды.