Астанада «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» акциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы 20 - 21 маусымда сағат 10.00-15.00 аралығында Астанадағы «Арай» саябақ аймағы мен медициналық мекемелерінде қалалық әкімдіктің қолдауымен «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» акциясы өтеді.
None
None

Бұл туралы Астана күніне арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.

Бұл акцияның мақсаты - мүшкіл халге тап болған адамдарға көмектесу үшін дені сау жандарды донорлыққа тарту болып табылады.

Осыған орай, қаладағы көпсалалы стационарлар мен трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан алу нүктелері ұйымдастырылады. Жоба ТҒӨО мен стационар дәрігерлерінің қатысуымен жүзеге асырылмақ. Акция барысында 250-300 адамнан қан алу көзделуде. Бұл шараның түпкі мақсаты - әр отандастарымыздың санасына адам өмірін құтқаруға сеп болатын донорлық азаматтық парыз сезімін ұялату.

Бүгінгі таңда жаңа медиицналдық нысандардың көбеюіне, көрсетілетін медициналық қызмет пен ота жасау санының артуына байланысты Астана қаласында қанға қажеттілік 2 есеге артып, күніне 100 литрге жеткен.

Астананың барлық медициналық ұйымдарында жылына 83000 ота жасалады. Оның ішінде жоғары технологияларды қолдану арқылы 25000 ота өткізіледі.

Шара 20 маусым күні - №1, №2 қалалық емханаларда; 21 маусымда - «Арай» саябақтық аймағы, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар