Астанада бір тәулік ішінде көктайғақтан 250-ден астам адам зардап шеккен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір тәуліктің ішінде елордалық травматологиялық пункттерде 250-ден астам адам қаралды, деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты.
None
None

Астанада көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды. Қалалық коммуналдық қызметтер жолдарды қатып қалған мұздан тазартуда. Осы күнге дейін қала бойынша 305 м3 құм-тұз қоспасы төселді. Қазіргі кезде қала бойынша қар жинау жұмыстарына 2260 жұмысшы, оның ішінде «Алматы» ауданында - 1171, «Есіл» ауданында - 491 және «Сарыарқа» ауданында - 598 жұмысшы тартылды. Қала бойынша 37 құм себетін, 87 тротуар жинауға арналған машина, жалпы көшелерді жинауға 700 коммуналдық техника бірлігі жұмылдырылды.

Табиғат жағдайына қарамастан, елордада медициналық пункттерге жүгінгендер саны айтарлықтай өскен жоқ, аяқ-қолдың сыну және шығып кету жағдайлары жиі кездеседі.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, тәулік ішінде 252 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген, соның ішінде 126-сы көшеде құлап, жарақат алған. Тұрмыстық жарақат алғандар саны - 44, аяқ-қолы сынып, шығып, буын тайып кеткендердің және т.б. саны - 65.

Елордалық медициналық мекемелер зардап шеккендерді қабылдауды жалғастыруда. Дәрігерлер қала тұрғындарын абай болуға және жол жүру ережесін сақтауға шақырады.

- Жарақат алу жағдайлар саны айтарлықтай өскен жоқ. Барлығы қалыпты норма шегінде. Ең алдымен, адамдар жайлы аяқ киім киюі тиіс, бойжеткендердің биік өкшелі аяқ киімдерден бас тартқаны абзал. Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде жол жүру ережесін бұзбауы керек, өйткені көктайғақта машиналардың тежегіштері бірден іске қосыла бермейді. Жарақаттың, аяқ-қолдың сынуы, шығып кетуі байқалған сәтте бірден травмотологиялық пункттерге бару қажет,- дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-профилактикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Иван Ли.

Бұрын хабарланғанындай, елордада көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар үшін сабақ болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар