Астанада бір үйден 7 адам, соның ішінде 4 бала ысты газға уланып, ауруханаға түсті
ТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Астанада бір үйдің 7 адамы, соның ішінде 4 бала ысты газға уланып, ауруханаға түсті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 31 қазан күні таңсәріде, елорданың Оңтүстік-Шығыс шағынауданында орналасқан жекеменшік үйлердің бірінде, пештің ақауы салдарынан болды.
Көмірқышқыл газына уланған 40 жастағы әйел, 17 және 19 жастағы азаматтар мен 5, 7, 13 және 15 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді.