Астанада бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CityTransportationSystems компаниясына сілтеме жасап.

Астанада бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті

Ұсынылған мәліметке сәйкес, Мәңгілік ел даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №№ 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 28, 30, 32, 35, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 54, 56, 60, 61, 70 автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертеді.

Компания азаматтардан өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.

Еске салайық, 16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.