Астанада бірінші сынып оқушысының қалтасындағы ұялы телефон жарылды
Астанада жеті жасар Ариана Айтжан қалтасындағы «Samsung Galaxy S2» телефонының жарылуынан күйік жарақатын алды.
«Қызым аулада ойнап жүрген. Мен қасында болған жоқпын, - деп әңгімеледі зардап шеккен бірінші сынып оқушысының әкесі Ерлан Айтжан. - Маған көршілерімнің айтуынша, бірдеңе тарс ете түскенде, қызым қорыққаннан айқайлап жіберген, сол мезетте джинси шалбары жана бастаған. Қыз бала айқайлап, көмекке шақырған. Көршілер оның жанып жатқан джинсиін шешіп алғанда, терісі бірге сыпырылып түскен. Күйік сүйекке дейін жеткен», - деді Ерлан Айтжан агенттік тілшісіне.
Ариананың әкесінің айтуынша, қызын үшінші дәрежелі күйік шалған, қазір оның терісін жамау отасына әзірлеуде.
«Біз қазір ауруханада жатырмыз, сірә, біраз болатын түріміз бар. Терісін жамау керек. Қызым қазір телефоннан қорқатын болды. Мен Samsung компаниясына телефон шалдым, олар бәрін өтеп, емдеу шығындарын төлеуге уәде берді», -деді қыздың анасы Әлия Қамзина.
Қазір зардап шеккен қыздың ата-аналары қыздарының денсаулығымен айналысуда; кейіннен олар Арианаға зардап шектірген кінәлілерді жазалауға ниетті.
«Samsung Galaxy S2» телефонын Астанадағы Республика даңғылындағы дүкеннен сатып алдық. Қазір біз телефонды тәуелсіз сараптамаға бермекпіз. Кеше Мәскеудегі «Samsung-орталығына» хат жаздым, олар телефонды жіберуді сұрады. Біз әзірге оны жібермейміз, алдымен тәуелсіз сараптама өткіземіз. Қазір біз қызымыздың денсаулық жағдайымен айналысудамыз, бірақ та кейін міндетті түрде мәселенің мән-жайын түптейтін боламыз», - деп атап өтті Ерлан Айтжан.
Қыздың әкесі Ариана тап болған оқиғаны жұртшылыққа кеңінен жариялайтын ниетін білдірді.