Астанада бірінші жарты жылдықта 900 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында елордада жалпы ауданы 941 624 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылған.
None
None

Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 79,6% артық.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 55 800,7 миллион теңге жұмсалған, 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 110,9% ұлғайып отыр.

Жыл басынан бері негізгі капиталға 270 646,8 миллион теңге инвестиция тартылған. Ивестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласының үлесі 10,1% (2014 жылдың қаңтар-маусым айларында 9,4% құраған) құрап отыр.

Ғимараттардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына салынған инвестициялар көлемі ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 64,3% құрады немесе 173 922,1 миллион теңгеге тең болды, деп хабарлайды astana.kz .

Соңғы жаңалықтар