Астанада бірқатар автобус бағдарының жүріс бағыты өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобус бағдарының жүріс бағыты өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Фейбуктегі парақшасында жазды.

Астанада бірқатар автобус бағдарының жүріс бағыты өзгереді

Оның айтуынша, 4 шілдеде сағат 21.00-ден бастап 5 шілде сағат 06:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінің Ілияс Жансүгіров көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аралығында автобус қозғалысы шектеледі.

№ 41 автобус бағдары бастапқы «№74 мектеп лицей» аялдамасынан І.Жансүгіров- Ш.Құдайбердіұлы қиылысына шейін өзгеріссіз, ары қарай І.Жансүгіров көшесіне солға бұрылып, Абылай хан даңғылында оңға қарай бет алып Пушкин көшесіне жеткенде бұрынғы сызбаға сай жүреді. Кері бағытта қоғамдық көлік осы жүрісті қайталайды.

null№ 64 автобус бағдары «Жиһаз зауытынан»  бастап І.Жансүгіров- Ш.Құдайбердіұлы қиылысына шейін өзгеріссіз келеді, ары қарай  І.Жансүгіров көшесіне солға бұрылып, Абылай хан даңғылына түседі де бұрынғы бекітілген сызбаға сәйкес жүреді.

nullҚоғамдық көлік кері бағытта осы сызба бойынша жүреді.