Астанада бірқатар автобустардың қозғалыс бағдарына уақытша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты №20, 40, 41, 43, 50 қалалық автобустарының қатынау бағдарларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.
«Бүгін, 18-інен 19-ына қараған түнде Тұран даңғылы Сығанақ көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жабылады. Тұран даңғылының аталған жол телімі 22 маусымға дейін жабық болады», - деп хабарлады ведомстводан.
Осыған байланысты қалалық № 20, 40, 41, 43, 50 автобус бағдарларына уақытша өзгерістер енгізіліп, Сығанақ - Қабанбай батыр - Тұран» бағытында жүретін болады, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан.