18:00, 17 Қазан 2016 | GMT +5
Астанада бірқатар автобустардың қозғалыс бағыты өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бірқатар автобустардың қозғалыс бағыты өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 19-қазанынан бастап, Ш.Айтматов пен Сарайшық көшелерінің қиылысына бағдаршам жүргізілетіндіктен № 17, 44, 61, 101 қоғамдық көліктерінің бағыты өзгертіледі»,-деп атап өтілген компания мәліметінде.
Атап айтқанда, № 17, 44 автобустары Қазақ технология мен бизнес университетіне дейін өзгеріссіз, одан әрі төмендегі сызба бойынша жүреді: Сарайшық көшесі - І. Омаров көшесі, Сығанақ көшесі - Ш. Айтматов.
Сонымен қатар № 61, 101 қоғамдық көліктері № 81 мектеп-лицейінің соңғы аялдамасына дейін өзгеріссіз, ал одан әрі І. Омаров көшесі - Сарайшық көшесі - Ш. Айтматов көшесі - Сығанақ көшесі бағытында қозғалады.