Астанада бірқатар компаниялар үлескерлік құрылысқа рұқсат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі бірнеше құрылыс компаниясына тұрғын үй құрылысын үлескерлік жүйе арқылы жүргізуге рұқсат берілгендігін хабарлады.
Осылайша бірқатар компания Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымындағы №120-1321 ұйғарымына сәйкес, екінші деңгейдегі банк арқылы баспана салу ісіне үлескерлерді тартуға құқылы.
Құрылыс компанияларының қатарында «Базисинвестқұрылыс» компаниясы мен «Barcelona Inc.» ЖШС бар. Оларға Астана қаласы, «Алматы» ауданы, № 37 көшесі (жобалық атауы), № 18 учаскесі (рұқсаттама №5/ 21.06.2017ж.) мекенжайы бойынша орналасқан 7-9 қабаттық, аумағы 26 249 шаршы метр болатын баспананың 1, 2, 3 4, 5, 6, 7, 14 бөлігін салу үшін үлескерлердің ақшасын пайдалану құқығы берілген.
Астана әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымындағы № 120-1320 ұйғарымымен, «АЛТЫН ШАР WEST» ЖШС және «Шар-Құрылыс» ЖШС салушыларына Астана қаласы, «Есіл» ауданы, № 49 көшесі (жобалық атауы), № 4 учаскесі (рұқсаттама №6/ 21.06.2017ж.) мекенжайы бойынша орналасқан 17 қабаттық, аумағы 19599,58 шаршы метр болатын баспананың 1 бөлігін салу үшін үлескерлердің ақшасын құюмен оларды жобаға тарту құқығы берілген.
Атап өтейік, бұған дейін жоғарыда көрсетілген 4 компания қалалық әкімдіктен үлескерлердің ақшасын құю арқылы оларды жобаға тарту құқығымен құрылыс салу үшін тиісті рұқсаттама (қажетті құжаттардың сілтемесі) алынған болатын.