Астанада бірқатар көше тұрғындары жарықсыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электр станциясы мен электр энергиясын беру тоқтатылғандығы жөнінде елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ПНФ станциясында апат болды және ол Б.Момышұлы мен өзге де бірқатар көшелерде жарықтың сөнуіне себеп болды. Әкімдік қызметкерлері мен электр желісі жүйесінің барлық қызметкерлері орындарында. Жақын уақытта жарық беру уақытына байланысты толыққанды ақпараттар тарататын боламыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтеніміз және қажетті шаралардың барлығы атқарылып жатқандығын хабарлаймыз»,-деп жазды әкім әлеуметтік желіде.

Соңғы жаңалықтар
telegram