Астанада бірқатар көшеге белгілі тұлғалардың есімі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада осы күнге дейін жобалық атаумен аталып келген бірқатар көшеге елімізге белгілі қоғам қайраткерлерінің есімі берілді. Мұндай жаңалықпен Нұр-Сұлтан қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Facebook-парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада бірқатар көшеге белгілі тұлғалардың есімі берілді

Басқарма басшысының дерегінше, қала әкімдігінің қаулысына және қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес мына көшелерге:

жобалық атауы А82 көшеге Мұхамеджан Тынышбайұлының;

жобалық атауы № 23-15 көшеге Қалибек Қуанышбаевтың;

жобалық атауы Е11 көшеге Әзілхан Нұршайықовтың;

жобалық атауы Е609 көшеге Әшірбек Сығайдың;

жобалық атауы Е613 көшеге Саят Абеевтің;

жобалық атауы Е632 көшеге Тұяқберді Шәмеловтің;

жобалық атауы Е633 көшеге Бақтыгерей Құлмановтың;

жобалық атауы Е635 көшеге Ғазиз Байтасовтың;

жобалық атауы Е809 көшеге Жошы ханның;

жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге Әмір Едігенің;

жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге Роза Жаманованың;

жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге Тұрмағамбет Ізтілеуұлының есімі берілді.

Ал Сығанақ көшесінде орналасқан атаусыз саябақ ендігі уақытта «Бухарест» саябағы деп аталады. Сонымен қатар бұрынғы Мұхамеджан Тынышбаев көшесі Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктірілді.