Астанада бірқатар құрылыс компанияларының басшыларына үлескерлердің қаражатын жымқырды деген күдік тағылуда

Атап айтқанда, «ШейхКазИнвест» ЖШС басшысы Ольга Шнайдер, «АльБаракат Company» ЖШС басшысы Бақытжан Тойымбетов, «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшысы Ерқанат Тайжановқа қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сондай-ақ Тайжанов Ерқанатқа іздеу жарияланды.
«Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшыларынан «Айсанам», «Айсанам де люкс», «Комсомольский», «ExpoCity», «ExpoTown», «Комфорт», «Гарант», «ЖетіЖол», «Садовые кварталы» және «Династия» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері зардап шексе, «ШейхКазИнвест» ЖШС басшыларынан «Хазрет» тұрғын үй кешенінің үлескерлері, «АльБаракат Company» ЖШС басшыларынан Астана қаласы және Ақмола облысы Целиноград ауданы аумағында салынып жатқан «Жайлау», «Құрылтай», «Аррle Тоwn», «Токио», «Теңіз», «Прага» және «Шарджа» тұрғын үй кешенінің үлескерлері зардап шеккен.