Астанада бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС астана қаласында бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

«Мәңгілік ел даңғылындағы Триумфалдық арка учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, №№ 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасы өзгерді.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ведомство хабарламасында.