11:24, 06 Сәуір 2023 | GMT +5
Астанада бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС елордада бірнеше қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 5, 5 А, 8, 120 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген компания хабарламасында.