Астанада «Біртұтас Отан - Тәуелсіз Қазақстан!» атты көрме ашылады

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған бұл мәдени шараны Астана қаласы суретшілер одағының жастар бірлестігі «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Елбасы - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік жастар саясатына зор мән беріліп отыр. Жас таланттарға елордадағы қазіргі заман өнері мұражайы да үлкен қолдау көрсетіп келеді.
Осы жолы көрмеге 12 жас суретшінің 24 жұмысы ұсынsлып отыр. Олар - Бақыт Әріпов, Айгүл Айтқожина, Қайрат Жайырбек, Руслан Жүнісәлиев, Гүлдана Жұрқабаева, Өмірәлі Исмайылов және басқалары.
Олардың әрқайсысының өнерде өз жолы бар. Олардың көпшілігінің көрмелерге қатысып жүр, оқу орындарында оқытушы, дизайнер, еркін суретші болып жұмыс жасайды.
Көрме 2003 жылдың 11 қаңтарына дейін жұмыс істейді.