20:00, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Астанада бірыңғай медициналық ақпараттық сall-орталық өз жұмысын бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 3 тамызынан бастап елордада бірыңғай медициналық ақпараттық сall-орталық өз жұмысын бастайды. Бұл туралы www.24.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш орталық денсаулық саласының түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған. Сall-орталық жұмысы нәтижесінде медициналық қызмет сапасын арттырып, қала емханаларындағы кезек мәселесін жою көзделіп отыр. Ақпаратты орталық арқылы тұрғындар қала дәріханаларында дәрілердің бар-жоғын біле алады, сонымен бірге денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы бойынша өз арыз-шағымдарын қалдыра алады. 963-777 немесе 1300 телефон нөмірлері арқылы елорда тұрғындары көкейдегі сауалдарын жолдап, денсаулық сақтау мамандарынан кеңес ала алады. Ақпараттық орталық күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.