Астанада биыл 40 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың наурыз айынан бері Астанада 40 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қызметкерлері мәлімдеді.
Жәрмеңкеде отандық тауар өндірушілер жеміс-көкөніс өнімдерін, ет, шұжық өнімдерін, сонымен бірге сүт өнімдерін саудалады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу нарық бағасынан әлдеқайда арзан және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, басқарма қызметкерлерінің мәліметінше, қыркүйекте жыл сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілмек. Онда әр аймақтың кәсіпкерлері Астанада өз өнімдерін саудалайтын болады.