Астанада биыл 9 кәсіпорын жекешелендіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2018 жылдың соңына дейін 9 мемлекеттік кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Астанада биыл 9 кәсіпорын жекешелендіріледі

«2018 жылдың соңына дейін Астанада 9 мемлекеттік кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр», - деп мәлім етті қаланың активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасындағылар.

Басқарма биыл жекешелендірілетін кәсіпорындар тізімін ұсынды: 

1. «Астана-Тазалық» ЖШС

2.  «Астананың автошаруашылығы» ЖШС

3.  «Астана-Көгалдандыруқұрылысы» АҚ

4. «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС

5. «Астана қаласының коммуналдық меншігі қоры»  МКК-тен ШЖҚ

6. «№1 автобус паркі»АҚ  

7. «Астана - арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС 

8. «Астана орманы»  ЖШС

9. «Астана қалалық жарық» ЖШС 

Айта кетейік, бұған қоса биыл елорданың «Шапағат» коммуналдық базарын жекешелендіру жоспарланған болатын. Кейін Астана әкімдігінің ұсынысымен бұл мәселе Үкіметте қаралып, коммуналдық базарды бәсекелестік ортаға беру мәселесі 2020 жылға қалдырылды.