Астанада биыл 9 мектеп қолданысқа беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі көші-қон салдарынан Астанада екі жыл бұрын пайда болған үш ауысымдық білім беруді жою туралы Елбасының тапсырмасына байланысты елордада жалпы білім беру мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі шешілуде.

Астанада биыл 9 мектеп қолданысқа беріледі

Бұл туралы Астана қалалық әкімдігі баспасөз орталығынан хабарлайды.

Бұл мәселені шешу үшін 2013 жылы Астанада 3 орта мектеп іске қосылды, биыл 9 мектеп тапсыру көзделген.

Нәтижесінде 3 ауысымды бір мектеп қалады. Бұл мәселе келесі жылы 3 жаңа мектеп тапсырылғаннан кейін шешіледі.

Атап өту керек, бұған шетелдік инвестициялар тартылды. Мемлекетаралық келісімдерге сәйкес мектеп құрылысы үшін БАӘ мен Катар мемлекеттерінің үкіметтерінен жер бөлінді. Бүгінде бұл объектілердің ТЭН-і дайындалуда.