10:13, 23 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Астанада биыл қыздардан гөрі ұл балалар көптеу дүниеге келген
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада үстіміздегі жылдың 11 айында перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда 20 699 бала дүниеге келді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

«Үстіміздегі жылдың қаңтар-қараша айларында 20 699 бала туды, соның ішінде 10 698 (52%) ұл, 10 001 (48%) қыз, 229 егіз, 4 үшем», - делінген хабарламада. Айта кетейік, елордада туу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 1,1% (850 - 900 балаға) артып келеді, ал 2013 жылғы желтоқсан айында бұл көрсеткіш бір мың адамға шаққанда 27,67 құрады.
Айта кетейік, 2010 жылы қалалық босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелерде 16 444, 2011 жылы 19 177, ал 2012 жылы 21 266 бала туды.