17:05, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Астанада «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты акция өтті
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты акция өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жастар ортасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараның мақсаты - елорда тұрғындарының назарын жастар ортасындағы ЖҚТБ-ға және нашақорлық проблемаларына аудару. Акция барысында есірткінің адам ағзасына келтіретін зияны мен ЖҚТБ дерттері жайында айтылды.
Акцияны өткізуге «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының, елордалық «Жас Отан» Жастар қанатының, Ішкі саясат басқармасының басшылығы қатысты. Аталмыш шара - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отыр.