Астанада «Біз таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі өтеді
Ертеңгі жалпы қалалық сенбілікте 3 103 ағаш отырғызу жоспарланған, аудан әкімдіктерінің өтініштерімен 3,1 мың ағаш пен бұталар көшеті әзірленді, 120 жуық тиегіш пен 340 жүк көлігі, барлығы 460 көлік пен басқа да мамандандырылған техника жұмыс істейді. Сенбілік барысында ластанған орындарды жою, 2,0 - 2,5 мың тонна қоқыс шығару көзделген. Бұл күні жалпы ауданы 491,4 га парк пен гүлбақ жиналып, 220 гүлзарлар тазартылады.
Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандық әкімдіктері сенбілікке 8,5 мың кәсіпорын, ұйым мен мекеме қатысады деп жоспарлауда.
Негізгі жұмыстар келесі жерлерде жүргізіледі. Есіл ауданында - Керей Жәнібек хандар көшесінде (Тұран көшесінен Орынбор көшесіне дейін) - Премьер-Министр кеңсесінің, «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппаратының, Сенаттың, Мәжілістің, Жоғары соттың, Астана қаласы әкімі аппаратының, Астана қаласы мәслихатының, Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және т.б қатысуымен 1500 ағаш отырғызылады. «Астана-Зеленстрой» АҚ 2 000 күрек, тырнауыштар, зембілдер мен қоқыс жинау үшін 1000 полиэтилен қап дайындайды.
Алматы ауданында ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының, ІІМ қатысуымен Қалдаяқов көшесінде 227 ағаш, № 46 көшеде 319 ағаш, Есіл өзенінің бойындағы бақта оң жағалауда 500 ағаш, Теміржолшылар тұрғын алабында 100 ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, 750 шанстық құралдар әзірленді.
Сарыарқа ауданында - «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа филиалының, аудандық қорғаныс істері жөніндегі, әділет, төтенше жағдайлар басқармаларының, «Посади дерево КЗ» РҚБ, еңбек ардагерлері мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен Тіленидев көшесінде 457 ағаш отырғызылады. Оларға 4620 күрек, зембілдер, тырнауыштар, қоқыс жинауға арналған 10 300 қап беріледі. Құнарлы топырақ, құм, басқа да материалдар және басқа да керек-жарақтар дайындалды.
Еске салайық, көктемгі жалпы қалалық сенбілік ертең сағат 9.00 басталады.