Астанада «Біздің Президентіміз» кітабының тұсаукесері өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының кітапханасының «Кемел ел» жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері қала мектептерінің оқушыларымен кездесті.
None
None

Шара Білім күнін мерекелеу және жаңа оқу жылының басталуының құрметіне ұйымдастырылды, деп хабарлайды кітапхананың баспасөз қызметінен.

Кездесуге жоғары сынып оқушылары - оқу озаттары, интеллектуалды және спорттық жарыстардың жеңімпаздары шақырылды. Олар алғашқылардың бірі болып Астананың көрікті орнына айналған жаңа ғимаратқа бас сұқты. Интерактивті экспозиция контентін зерделеу, Мемлекет басшысының жеке кітапханасымен танысу оқушылардың зор қызығушылығын тудырды.

Жиналған жеткіншектердің алдында Қазақстан Республикасы Президенті канцеляриясының бастығы, ҚР Тұңғыш Президентінің - Ұлт Көшбасшысының кітапханасының директоры міндетін атқарушы М.Б.Қасымбеков сөз сөйледі. Ол кездесу мақсаттары туралы айтып, балаларды кітапханамен тығыз ынтымақтасуға шақырды. М.Қасымбеков кітапхананың мүмкіндіктерін, оның Қазақстанның жаңа тарихына қызығушылық танытқан барлық жандар үшін ашықтығын ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында басып шығарылған Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Біздің Президентіміз» деректі повесінің тұсаукесері өтті.

Кітап ортаңғы және жоғарғы сынып оқушыларына арналған. «Кітаптың негізгі идеясы - Елбасының өмірі мен қызметі туралы балаларға түсінікті тілмен жеткізу болды. Кітап орыс тілінде 23 мың данамен басып шығарылды. Қазір ол мемлекеттік тілде шығаруға әзірленуде. Жақын арада кітаптар аймақтарға бөлініп, ондағы білім мекемелеріне жеткізіледі. Кітаптың мыңнан астам данасын жеткізу көзделіп отырған бірінші аймақ - Жамбыл облысы болмақ», - деп атап өтті М.Б.Қасымбеков. Бұл кітаптың авторлары Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын әрі таңғажайып өмір жолы - қарапайым ауыл баласынан Мемлекет басшысы және әлемдік деңгейдегі саясаткер дәрежесіне дейінгі көтерілген ғұмыр соқпағы туралы ұғынықты тілде баяндайды. Туынды тараулары Нұрсұлтан Назарбаевтың туған өлкесіне, оның мектеп жылдары туралы әңгімелеріне, Украинадағы оқуына, домна пешінің жанында өткізген еңбек жылдарына, аймақ және республика басшысы ретіндегі тағдырына арналған. Кітаптың соңғы «Тәуелсіздіктің жарқын жолдары» тарауына еліміздің болашағын айқындайтын бүгінгі күндеріміз арқау болған.

Соңғы жаңалықтар