Астанада «Бизнес по по-казахски в Америке» комедиясының тұсаукесері өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада режиссер Жеңісхан Момышевтың «Бизнес по по-казахски в Америке» комедиясының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Айта кетсек, «Бизнес по по-казахски в Америке» комедиясы 2016 жылдың желтоқсан айында жарыққа шыққан «Бизнес по казахский» фильмінің жалғасы. Әзіл-қалжыңға құрылған тың туындыда басты рөлді Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қажет Смағұлов пен Гүлназ Жоланова ойнайды. Комедияда Жомарт есімді жігіт (Нұрлан Қоянбаевтың рөлі) өзінің қонақ үйіне әлемдік мәртебе алу үшін Американың Лос-Анджелес қаласына жол тартады. Алайда іссапар барысы қызықты хикаяға айналып кетеді.

Астанада өткен фильмнің тұсаукесеріне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімі Әсет Исекешев, депутат Геннадий Шиповских келді. Спортшылардан өз сөзінде Нұрлан Қоянбаевты жерлесім деп қалған Илья Ильин бой көрсетсе, әншілерден Тамара Асар қатарлы бірқатар әншілер келген. Елімізге танымал әр түрлі саланың өкілдері киноны көппен бірге тамашалады.

«Әрине, фильмнің үшінші бөлімін түсіру үшін тіпті байқау жариялауды ойладық. Көрермендердің өзі баға беруші болғандықтан, өздерін де алдағы жобаларға атсалыстырсақ дейміз. Кейде «Бизнес по казахский в Европе», «Бизнес по казахский в Африке» секілді фильмдер туралы ойлайсың...», - дейді комедияда басты рөлді ойнаған актер әрі жобаның бас продюссері Нұрлан Қоянбаев.

Ол өз сөзінде қазақша деген сөзді жағымсыз дүниеге теңеуді қолдамайтынын айтады.

«Қазақша деген керемет сөз. Бұл ұғымды біз жағымды жаққа қарай жарнамалауымыз керек. Егер жақынырақ таныса бастасақ, Қазақстанда бәріміз бір-бірімізбен туыс болып шығамыз. Біз өзімізді ру мен жүзге Тұрсынбек Қабатов айтқандай, шашырау үшін емес, бірігу үшін жатқызамыз. Сондықтан, туыстар туралы фильм өте маңызды. Мейлі қалада, мейлі ауылда тұрсаңыз да, сізді бәрібір туыстық қарым-қатынас ешқайда жібермейді. Біз әрқашан біргеміз. Әрине, әлем өзгеріп жатыр. Сондықтан, қарым-қатынасты сақтап қалу үшін көбірек бір-бірімізді іздеуіміз керек деп ойлаймын», - дейді ол.
null

null

Соңғы жаңалықтар