Астанада Бөгенбай батыры даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бөгенбай батыры даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды ІІД-ның баспасөз қызметі.
«Бөгенбай батыр даңғылы бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Айманов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін учаскеде 15-20 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі», - делінген хабарламада.