Астанада бокстан әйелдер арасындағы екінші халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - 13-17 қыркүйек аралығында Астанада бокстан әйелдер арасындағы екінші халықаралық турнир өтеді.

Астанада бокстан әйелдер арасындағы екінші халықаралық турнир өтеді

Бұл туралы ҚазАқпарат еліміздің Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жарыс АЙБА талаптарына сай өтеді. Спортшылар онда 45-48, 51-54, 57, 60, 64, 69, 75, 81, келі салмақтар бойынша өзара бәсекеге түседі. Сайыс әр раунды 2 минуттан болатын 4 раундтан тұрады. Жарысқа 17 мен 34 жас аралығындағы спортшылар қатысуға құқылы. Бәсеке елордадағы «Дәулет» спорт сарайында өтеді деп жоспарлануда.