Астанада бокстан қыздар арасындағы ел чемпионаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қыздар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне 14 аймақтан келген 86 боксшы қыз қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, байрақты бәсекеге әлем чемпиондары Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева,  сонымен қатар Рио Олимпиадасының қатысушылары  Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова қатысады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша ұлттық команданың жаңа құрамы жасақталады. 2020 жылы Токиода өтетін олимпиаданың аясында бапкерлер құрамы «олимпиадалық» салмақ дәрежелері 51, 60 және 75 келіге ерекше мән береді. Жазғы маусымда Халықаралық бокс қауымдастығы мен халықаралық комитеті 57 және 69 келі салмаққа дейінгілерді олимпиада бағдарламасына енгізу мәселесін қарастырмақ. Осыған орай ұлттық командаға кіруді мақсат қойған және олимпиадаға жолдама алғылары келетін қыздар арасында осы бес салмақ нағыз бәсекелестікті қыздырмақ.

«Біз қазір 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадалық кезеңнің басында тұрмыз. Бірақ ол босаңсуға әлі де уақыт бар дегенді білдірмейді. Демек, ұлттық командаға өтетін спортшыларды төрт жыл бойы тынбай жаттығулар мен қатаң бәсекелестік жарыстар күтуде. Сонда ғана біз өз бәсекелестерімізден қалыс қалмаймыз. Аймақтарда да қыздар боксына ерекше мән беруіміз керек және олар ең жақсы дайындықпен келген астаналық командадан тәжірибе алғандарын қалаймыз. Олимпидалық мүмкіндіктерін есепке алғанда, бүгін бастаған қыздарымыздан ертең еліміздің атағын шығаратын алтын медальды күтуге болады», - деді ұлттық команданың бапкері Вадим Присяжнюк.

Айта кетерлігі, чемпионаттың финалдық кездесулері 8 мамырда өтеді.

1 2 3 4 5 6 7 

Соңғы жаңалықтар
telegram